Бостандық орта мектебінің оқушылары мен педагогтары "Денсаулық күні"жалпымектептік акциясына қатысты. Күн ашылудан басталды: балалар педагогтармен бірге жаттығу жасап, күннің бағдарламасымен танысты. Сабақтан кейін бастауыш сыныптар арасында көңілді спорттық эстафета өтті, орта және жоғары буын оқушылары жеңіл атлетикалық жарысқа қатысты.